(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 09.07.01 Ж. № 548 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына
қабылдау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2001 ж. 9 шілдедегі № 548 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрінің 11.06.02 ж. № 411; 08.05.04 ж. № 266
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 17 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекітілсiн.

2. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIББ-нiң бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.

3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.

4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы № 316 "Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекіту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

Б. Искаков

"Келісілді" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Білім және ғылым 2001 жылғы 9 шілдедегі бірінші вице-Министрі № 548 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң

жоғары оқу орындарына қабылдау

ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 366 бұйрығымен сол ережелерге енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес әзiрлендi және олар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.